«Лира-аудит» ЖШС Аудиторлық компаниясы Kudos International Network аудиторлық ұйымдардың халықаралық жүйесінің мүшесі ,аудиторлық қызметтер нарығында 20 жыл бойы қызмет етуде.

Қаржылық есеп аудиті

Қаржылық есеп аудиті - қаржылық есепті ұсынудың орнатылған концептуалды негізіне сәйкес барлық маңызды аспектілерді сақтай отырып толығырақ

Жалғаспалы қызметтер

Биз бухгалтерлік есеп жағдайын сараптамадан өткіземиз және кеңес беремиз толығырақ

Компания туралы

Біз, Kudos International Network аудиторлық ұйымдардың халықаралық жүйесінің мүшесі болып табылатын «Лира-аудит» ЖШС қызметіне қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

«Лира-аудит» ЖШС  – аудит , салық салу, бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп саласында   Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі нарығында он сегіз жыл бойы өз қызметін сәтті атқарып келе жатқан, сыртқы өзгерістерге икемді  әсер ететін, тәжірибелі,білікті  және динамикалық топ.

«Лира –Аудит» Компаниясы 1997 жылы құрылған. 

«Лира –Аудит» ЖШС аудиторлық компаниясы  аудит, консалтинг және салық салу саласында мамандандырылған кәсіби сауатты қызмет көрсетеді. Бізбен көрсетілетін барлық қызметтер жоғары кәсіби этикалық  стандарттар шеңберінде көрсетіледі.  Аталған стандарттар клиенттердің  нақты шарттары бойынша жұмыстар жасалғанда сақталады. Бұл әр тапсырманы орындау кезінде тапсырылған  қаржылық мәліметтердің құпиялығын сақтауға, шарт жасасу және ақпарат алуға әсер ететін маңызды  мәліметтерді толық ашуға, олардың дұрыстығын, толық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Толығырақ ақпарат:

Атауы Ақпарат
«Лира-Аудит» ЖШС   аудиторлық компаниясы  халықаралық бухгалтерлер ұйымы федерациясының мүшесі болып табылатын Kudos International Network (сайт: http://www.ifac.org/about-ifac/forum-firms-and-transnational-auditors-committee/forum-firms-membership/)  аудиторлық ұйымдардың халықаралық жүйесінің мүшесі. Kudos International Network – ең үздік ондыққа кіретін, тәуелсіз аудиторлар және консалтингтік  фирмалардың халықаралық жүйесі. 
«Лира-Аудит» ЖШС Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы «Аудиторлар коллегиясы» Кәсіби Аудиторлар Ұйымының мүшесі, және заңды тұлғаны «Аудиторлар Коллегиясы» ЖАҚ мүшесі ретінде танылғандығы туралы Аудиторлардың Этикасы Кодексымен және Жарғысымен қарастырылған міндеттері, құқықтары бар тіркеу № 27-Ю  30.09.2008 ж.  куәлігіне ие.

Қазақстан Республикасының кәсіпорындары арасында, Ұлттық бизнес-рейтингінің шешімі бойынша «Лира-Аудит» ЖШС 2016 жылдың соңына қарай «САПА КӨШБАСШЫСЫ» ретінде танылды. Рейтинг бойынша - Алтын, медаль және сертификат берілді.«САПА КОШБАСШЫСЫ» мартебесі біздің клиеттерімізбен инвесторларымызға компаниямыздың сенімділігі мен зор болашағын көрсетеді.«Лира-Аудит» ЖШС үздіксіз дамыту стратегиясы- тұрақтылық кепілі.

25.11.2014 ж. «Лира-Аудит» ЖШС   аудиторлық компаниясы сапа менеджмент жүйесі сәйкестігі сертификатына иеленді. Ол дегеніміз бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп және консалтинг  саласындағы  аудиторлық қызметпен айналысудағы  сапа менеджмен жүйесі СТ ҚР ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес келетіндігін растайды. 
 
«Лира-Аудит» ЖШС келесідей ұйымдарда сәтті тексеруден өтуде:
  • KASE Қазақстандық  қор биржасы;
  • Kudos International Network Халықаралық желісі;
  • «Коллегия Аудиторов» ЖАҚ;
  • «Asia CertLine» ЖШС.
Бұл көрсеткіштер аудиторлық компанияның стандарт жұмыстарыаудиторлық қызметтер көрсету саласындағы  барлық халықаралық стандарттар сапасына сәйкес келетіндігін және жылдан жылға жетілдіріп отырғандығын куәландырады. 
 
«Лира-Аудит» ЖШС  21 наурыз 2003ж. Қазақстан Республикасының барлық аймағында мерзімі шексіз  №0000248 мемлекеттік лицензиясына ие. Азаматтық-құқылық жауапкершілікті сақтандыру шарты.

Компания жыл сайын азаматтық-құқылық жауапкершілікті сақтандыру шарты жасады. 

«Лира-Аудит» ЖШС  аудиторлық компаниясының маңызды жұмыс қағидалары болып мыналар табылады:
  • Көрсетілетін қызметтердің аудит  саласындағы халықаралық, ұлттық және корпоративтік стандарттар мен  талаптарға қатаң сәйкес келуі
  • Талаптарды орындау және Клиенттердің үмітін ақтау
  • Клиенттің  әрқайсысының жеке бабын табу
  • Корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу барысында жеңілдіктер жасау
  • Қызмет көрсету сапасының кепілді сақтандырылуы
  • Стратегиялық ойлау
  • Көрсетілетін қызметтердің  сапасын үнемі арттыру және тағы басқалары.
«Лира-Аудит» ЖШС компаниясының қызметкерлері қатарында 5 білікті аудитор, 3 Мамандырылған бухгалтер сертификаты бар 3 маман, IFA  Ұлыбританияның аналитикалық қаржы Институтының халықаралық сертификаты бар 1 маман, Халықаралық Қаржы Есекбі бойынша ACCA дипломына ие 2 маман, Қазақстан Республикасының Салық кеңесшісі сертификаты бар 2 маман.

Сіздің сәттілігіңіз - біздің борышымыз!


 

Біздің лицензияларымыз:

   

Заказать звонок